Жеті адам қаза болды…

maxresdefault Құқық

«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 22 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде облыстық Ішкі істер органының 401 қызметкері және мемлекеттік органдардан 29 өкіл жұмылдырылған. Іс-шара кезінде барлығы 12143 жүргізушілерімен жасалған құқық бұзушылықтар тіркелді.

– «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 409 көлік құралдары анықталып, арнайы тұраққа қойылды. Іс-шара барысында облыс көлеміндегі автомобиль жолдарына және техникалық реттеу құралдарының жай-күйіне 305 зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жоюға 252 нұсқама жол иелеріне жолданды. Авариялық – қауіпті учаскелерге 43 жол белгілері орнатылып, 92 жол белгілері жаңғыртылды. Жол – көлік оқиғалары орын алуына ықтимал жерлерге және білім беру мекемелердің тұстарына 500 шаршы метр жасанды жол кедергілерін орнатылды. Жалпы шара кезінде 22 жол-көлік оқиғасы тіркелген, одан 7 адам қаза болып, 24 адам әр-түрлі дене жарақатын алып отыр.

Жасөспірімдердің қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, одан 7 жасөспірім дене жарақатын алды,-деді Атырау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Сейдуалиев Абдигани Тойшыұлы.

Өз тілшіміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз