ЖҰМЫСҚА КІМ КӨРІНГЕНДІ АЛЫПТЫ

Облыстық прокуратура жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын сала мекемелерін тексерген болатын. Ол бүгінде біраз шалағайлықтың бетін ашып отыр.

Облыстық прокуратураның ресми өкілі Аслан Нұрғалиевтың айтуынша, тексеру денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және дене шынықтыру, білім беру ұйымдарының қызметкерлерін қамтыған. Яғни, жасы кәмелетке толмағандармен жұмыс жасайтын олардың еңбек заңнамалары талаптарын қаншалықты сақтап отырғандығына назар аударыпты. Тексеру барысында заңда белгіленбеген тәртіппен өтелмеген немесе соттылығы алынбаған адамдардың, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстары үшін (адам өлтіргені, денсаулығына қасақана зиян келтіргені және тағы басқа) сотталған жандардың жұмысқа қабылданғандығы анықталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа байланысты айыптының лауазымды орындарда отырғандығы да белгілі болды.
– Анықталған деректер бойынша облыстық прокуратура уәкілетті органдардың атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізді. Мәселе қаралып, қорытындысында еңбек заңнамасының бұзылуына жол берген мекеме басшылары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ресми өкіл.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз