Құқық
ЖЕКЕ КУӘЛІК: ЖАҢАСЫНА АУЫСТЫРУ МІНДЕТТІ ЕМЕС
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа тұрғындардан «куәлікті ауыстыру міндет пе немесе мұны қалауымызша жасауға бола ма?» деген сұрақ қойылған болатын.
Қ.Қасымов ҚР Үкіметі 2013 жылдың 4 шілдесінен бастап берген көне үлгідегі құжаттардың мерзімі біткенше жарамды екенін айтты.
«Жеке басты куәландыратын құжатты жаңасына ауыстыру ұсынылады», — деді министр. Ол жаңа куәліктің бірқатар артықшылығы барын айтты: куәлік иесінің электронды-цифрлық қолтаңбасы «Электронды үкімет» порталы арқылы барлық қызметті алуға мүмкіндік береді.