ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ

imgpreview Құқық

Мемлекет Басшысы қазақстандықтарға жолдауында 2022 жылды балалар жылы деп жариялады.

2022 жылдың өткен кезеңінде Атырау облысының аумағында кәмелет жасқа толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, оның ішінде 13 ауырлығы орташа және 7 ауыр қылмыс.

«Мысалы, кәмелет жасқа толмаған оқушы К. «Телеграмм» интернет-қосымшасында жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды тапқан. Осы хабарландыруға қызығушылық танытқан кәмелет жасқа толмаған К. курьердің жұмысы деп психотроптық заттарды жасырын орындарға салу, жеңіл материалды байыту мақсатын көздейтінін түсініп, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған», – деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Бәкіров.

Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, қадағалау ведомствасының өкілі ата-аналарға балаларын интернет желісінде қатаң бақылауды ұсынады.

Атырау облысының прокуратурасы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз