Жаңа дегені ескі болды
Жаңа көлік сатып алған әйел адамның қуанышы көпке ұзамады. Оған қымбат дүниенің бұрын қолданылғаны себеп болып отыр.
Атырау қалалық сотында қаралған іс материалдарына қарағанда, арызданушы 2014 жылғы «Хюндай Туксон» маркалы автокөлігін 6 млн. 420 мың теңгеге бөліп төлеу арқылы сатып алады. Алайда, біраз уақыттан соң көлік кузовының артқы жағындағы бояу түсі көліктің негізгі түсінен ерекшеленетіні байқалады. Осы себепті техниканың иесі көлік-тің жаңа екендігіне күмәнданып, дереу арада жауапкерге барып наразылық білдіреді, кейіннен сотқа жүгінген. Сот отырысында жауапкердің көлікті сату кезінде оның пайдала-нылғаны жөнінде талап қоюшыны дұрыс хабардар етпей, жаңа көлік ретінде сатып жібергені нақты анықталды. Автокөлік 12 000 шақырым жүрген және сынақ үшін пайдаланылған. Сот шешімімен бұрынғы сатып алушыға көлікке төлеген ақшасы қайтарылып, моральдық зиян өндірілді.