Жалған нөмірмен мас күйде көлік жүргізген…
Атырауда көлігін қараңғылатып, жалған нөмір таққан жүргізуші есірткілік мас күйде ұсталды.
6 сәуір күні сағат 12:30 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері алдыңғы терезесіне пленка жабыстырылған «Лада Приора» автокөлігін тоқтатты. Оқиға Сатпаев данғылы «Исатай-Махамбет» алаңының тұсында орын алған. Аталған көліктің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған. Нәтижесінде жүргізушісі есірткілік мас күйде болғаны анықталды. Ал, Ресейде тіркелген көлік тіркеуден шығарылға. Яғни, жалған мемлекеттік белгі орнатқан болып шықты.
ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлімі (техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралын басқару) бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 590-бабы 4-бөліміне сәйкес мемлекеттік белгілері алынды. Сот шешімімен жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
«Атырау облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі»