Жайықтың жағасында көлік жүргізген…

screenshot 20220711 164945 Құқық

Жайық жағалауындағы жаяу жүргіншілер жолымен көлік басқарған жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынды.

10 шілде күні Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жайық жағалауында орналасқан жаяу жүргіншілер жолымен жүрген «Mercedes-Benz» автокөлігін анықтады. Сөйтіп, оның 1986 жылы туылған жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүр) әкімшілік хаттама жасақтады. Нәтижесінде, құқықбұзушы 22 972 теңге айыппұл арқалады.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз