ЗАҢ ТАЛАБЫ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ
Шағымданушы мұғалімдер білім беру саласында бес жылдан отыз жылға дейін қызмет атқаратындықтарын, оларды жұмысқа қабылдағанда дипломдағы мамандықтарына қарамағандықтарын тілге тиек етті. Мектепте қай пәннен мұғалім жетіспесе, сол пәннен сабақ беруге бұйрық шығарылғанын, осылайша олар дипломдарына сәйкес болмаса да сабақ берген. Олар енді қайтадан дипломдарына сәйкес сабақ берген жағдайда біліктілік санаттары үшін төленетін төлемақы төленбейтіндіктен, еңбекақылары азайып кететіндіктеріне реніш білдіреді. Олардың біразы балаларын жоғары оқу орындарында оқытатындықтан, өздерінің қайтадан жоғары оқу орындарына түсуге қаржылық тапшылық жағдайы орын алып отырғанын, мұндай мұғалімдердің қай мектепте де аз еместігін баяндайды.
Облыс бойынша орын алған осынау мәселені шешу үшін біз білікті деген заңгерлердің көмегіне сүйендік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» №213 Заңының 37-бабының талабы бойынша «Нормативтік құқық-тық актінің күші оны күшіне енгізгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылмайды және жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін не олардың жағдайын нашарлататын құқықтық актілердің (Заңның) кері күші болмайды». Қарапайым тілмен айтқанда, ҚР Білім және ғылым министрінің жоғарыда көрсетілген бұйрығының талаптары күшіне енгеннен кейінгі қатынастарға қолданылады. Яғни, заңның күшіне енгенге дейінгі қатынастарға қолданылмайды және ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейтін, олардың жағдайын нашарлататын бөлігінің кері күші болмайды. Сондықтан, мектеп директорларының заң күшіне енгенге дейінгі мұғалімдерге берген жоғарыда көрсетілген ескертулері (уведомление) қолданылып жүрген заң талаптарына қайшы келеді.
Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ,
Қазақстан Коммунистік халық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы.