Жарнама
Құқық

ЗАҢСЫЗ ҚАРУДЫ САТЫП АЛАДЫ

ҮНДЕУІ

Атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2013 жылдың қыркүйек айының 1-і мен 30-ы аралығында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі. Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр.
— иір ойықты автоматтарға — 173100 теңгеге дейін
— иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге — 86550 теңгеге дейін
— иір ойықты пистолеттер мен тапаншаларға — 69240 теңгеге дейін
— тегіс ұңғылы атыс қаруларына — 51930 теңгеге дейін
— жарақат салатын қарулар — 17310 теңгеге дейін
— әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін — 12117 теңгеге дейін
— жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін — 10386 теңгеге дейін
— иір ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін — 72 теңге.
Бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдері қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды.
ҚР ІІМ Сіздердің осы үндеуді қолдайтындарыңызға сенім білдіре отырып, жайсыз жағдайлардан сақтану үшін заңсыз сақталған атыс қаруларын ерікті түрде тапсыру бойынша тез арада шешім қабылдауға ұсыныс жасайды.

Мерзімі өте тығыз
Мына телефондарға немесе келесі мекен-жайларға
хабарласуларыңызға болады:
Атырау облысы Ішкі істер департаменті (Азаттық даңғылы, 85)
тел: 98-20-33, 98-10-42; 98-10-44
Атырау қалалық ішкі істер басқармасы (Молдағұлова көшесі, 247) тел: 102, 98-15-14, 98-15-05.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button