Құқық

Ұлтыңыз кім?

Жеке куәлік – әрбір қазақстандықтың жеке басын куәландыратын құжат. Құжаттандырудағы соңғы өзгерістер бойынша ұлтты да ауыстыруға болады екен. Бұл туралы құзырлы органға хабарласып, ұлтқа байланысты мәліметті қалай өзгертетіні туралы сұрап білдік.

– ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 65-бабына сәйкес, егер ата-аналарының ұлты әртүрлi болса, ұлты балаға жеке куәлiк немесе паспорт берiлген кезде оның қалауы бойынша әкесiнiң немесе шешесiнiң қай ұлтқа жататынына сәйкес айқындалады. Одан әрi баланың ұлты оның өтiнiшi бойынша тек қана ата-аналарының екіншісінің ұлтына өзгертiлуi мүмкiн, — деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Мейірім Ердәулет.

Бекітілген талаптарға сүйенсек, азаматтардың паспорттарында және жеке куәліктерінде ұлты туралы жазбаны өзгерту олардың жазбаша өтініштері бойынша туу туралы куәліктерінің және қолдаухаттың негізділігін растайтын өзге де құжаттардың негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, паспортта және жеке куәлікте ұлты туралы жазбаны ата-аналарының ұлтына сәйкес өзгертуге болады. Егер азаматтың ата-анасы екі түрлі ұлттың өкілі болса, баласы біреуін таңдап, құжатқа сол ұлтты жаздырады.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы №583 бұйрығы бойынша жүзеге асады.

Жыл басынан бері ұлтын өзгерту туралы 11 адамнан өтініш түскен.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button