Жарнама
Құқық

Үлескерлер мүддесі қорғалды

Атыраудағы бірқатар тұрғын үй-құрылыс кооперативіне үміт артқан жұртшылық құрылысы аяқталмаған нысандар мен орындалмаған уәделердің арасында күй кешіп келді. Тиын-тебенін жиып, баспаналы болуды армандаған халықтың талабы әділеттің төріне жетіп, енді жарық сәуле көріне бастады. 

Атырау қаласында «Атамекен тұрғын үй», «Familytown», «Baisanat Residence» және«SaraishyqInvestGroup» тұрғын үй-құрылыскооперативтерінің құрылтайшылары тарапынан заңсызәрекеттер жасалып, салдарынан жүздеген пайшызардап шеккен еді. Бұл жайт – тек жеке бас емес, жалпы қоғамның сеніміне сызат түсірген мәселеболатын.

Алайда «Әділ істің арты – жеңіс» демекші, Атырау қаласының прокуратурасы тұрғындардың мүддесінқорғап, сотқа талап арыз түсірді. Қала прокурорыныңорынбасары Ерлан Какиевтің айтуынша, прокуратура «Baisanat Residence» ТҚК және оныңқұрылтайшыларымен жасалған келісімдерді заңсыздеп тауып, тұрғындардың қаражатын қайтару туралыбастама көтерген.

– Сот біздің талаптарымызды толық көлемде қанағаттандырды. Бұл шешім – пайшылардың аяқсыз қалған армандарын шындыққа айналдыруғабағытталған нақты қадам. Енді инвесторлар тартылып, құрылыс жанданады. Тұрғындар өз үйлеріне қолжеткізеді деген үміт бар, — деді Ерлан Какиев.

Оның айтуынша, бұған дейін де прокуратураныңараласуымен «Қазанат» ТҚК жері үлескерлердіңменшігіне қайтарылып, «Ақмаржан» ТҚК тұрғын үйіпайдалануға берілген.

– «Халық қаласа, хан түйесін сояды» дейді. Біз үшінбасты міндет – тұрғындардың заңды мүдделерінқорғау. Әрбір арыздың артында адам тағдыры тұр. Сондықтан да бұл бағыттағы жұмыс үздіксізжалғасады, — деді қала прокурорының орынбасары.

Мемлекет пен халық арасындағы сенімді байланыс осындай сәттерде нығая түсетіні анық. «Зар жылағанның көз жасы жауапсыз қалмайды» дегендей, заңның салмағы мен прокурорлық бақылау өзнәтижесін берді.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button