Жарнама
Құқық

“Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Атырауда облыс аумағында 20-29 қаңтар күндері республикалық “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның басты мақсаты – отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстарды, ауыр қылмыстарды алдын алу, жолын кесу және криминогендік жағдайды бақылау, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Қорғау нұсқамасы берілген тұлғалар, ерекше талаптар, кәмелетке толмаған балаларын тәрбилеу бойынша өз міндеттерін атқармайтын ата-аналар, сондай-ақ ІІО тізімінде есепте тұрған адамдар тұрғылықты жері бойынша тексерілуде.

–Полиция қызметкерлері әкімшілік учаскелердегі пәтерлер мен аулаларды аралау барысында профилактикалық маңызы бар құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданады. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 73, 127, 440, 442, 461 және 669 (2, 3, 4-бөлім) баптары, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 108-1, 109-1 баптарындағы құқық бұзушылықтар кіреді.

Құрметті тұрғындар! Егер отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласында болып жатқан оқиғаның куәсі болсаңыз, міндетті түрде полицияның 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз, — делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button