Жарнама
ҚұқықЖаңалықтар

Тұмшаланғанға тыйым бар

Кеше Президент қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін толық жабатын киім үлгілерін киюге тыйым салатын заңға қол қойды. Бұл – елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен зайырлы принциптерді сақтау мақсатында қабылданған маңызды шешім.

Заңға сәйкес, енді ниқаб, паранжа секілді бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім түрлерін қоғамдық орындарда киюге шектеу енгізіледі. Алайда медициналық себептермен, ауа райының қолайсыздығына байланысты, мәдени немесе спорттық іс-шаралар кезінде мұндай киімдерді қолдануға рұқсат етіледі.
Қазақстан бұл бағытта Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты Орталық Азия елдерінің тәжірибесін ескеріп, өз заңнамасына тиісті өзгерістер енгізді.

Майра ЕРҒАЛИ

Сурет: qazaquni.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button