ТӨЛЕНБЕГЕН ЖАЛАҚЫ
— Прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағытының бірі азаматтардың құқықтарын қорғау, оның ішінде жұмысшылардың құқығы аяқасты қалмауын қадағалау, оларға қолдау көрсету болып табылады, — дейді Атырау қаласының прокуроры Руфат Құттықов.
Қалалық прокуратура еңбек саласындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, уақытында анықтау және жою мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Оның барысында біраз олқылықтар анықталыпты. Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Алтынбек Аманжоловтың айтуынша, жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселесі тиісті заң, еңбек кодексінде нақты көрініс тапқан. Дегенмен, бұл заңдылықтар күнделікті өмірде жиі бұзылып жатады.
— Биыл еңбек заңнамаларының бұзылуына жол берген жұмыс берушілерге қатысты қала прокуратурасы 29 прокурорлық ықпал ету актісін енгізді. Соның нәтижесінде 96 адам тәртіптік, 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — дейді бөлім прокуроры.
Заңдылықтың сақталуын қадағалаушы орын өкілдері жалақының уақытылы төленбеуіне түрлі жағдай себепші болатынын айтады. Оның дені тапсырыс берушілердің қаражатты кешіктіріп аударуынан келеңсіз жағдай орын алыпты. Мәселен, бүгінде «КазСтройСервис» акционерлік қоғамы, «SINOPEC Engineering Group Co., Ltd» Қазақстан филиалы, өзге де тапсырыс берушілер қосалқы мердігерлердің жасаған жұмыстарын уақытында қабылдамайды екен. Жасанды әкімшілік кедергілер жасауға да әуес болып шықты. Мұның бәрі еңбек заңнамасының бұзылуына себепші. Прокурорлар соған орай нақты мысалдар келтіреді. «Датоба Констаркшн» Атырау филиалы 129 жұмысшы-қызметкердің жалақысы үшін қыркүйек айына 10 млн. теңге, жұмыстан босатылған 69 жұмысшыға шамамен 10 млн. теңге бережақ. Оны дер мезгілінде төлеуге жоғарыда айтылған келеңсіздіктер кедергі келтіріпті. Соның зардабын бүгінде жалақысын алмаған ұжымдар тартуда. Айта кетейік, құрылымының негізгі кеңсесі Алматыда орналасқан. Оның Атыраудағы филиалы Атырау мұнай өңдеу зауытындағы қайта жасақтау жұмыстарына тартылыпты.
«СтроиМонолитСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде де заңсыздық байқалады. Оның басшылығы қыркүйек айы үшін 55 жұмысшының еңбекақысына 9,7 млн. теңге бережақ болған еді. Жергілікті прокуратураның араласуымен ғана ол қарыз кейін өтелді. 63 млн. теңге көлеміндегі тұрғындардың ала алмай жүрген жалақысына қол жеткізуге де себепші болды. Сонда құзырлы орган тегеурінді талап қоймаса, жұрт тиесілі ақшасын ала алмай ма? Жалпы, жалақыға қатысты өзекті мәселелер неге жиі туындайды?
Біз осы сауалды облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Әліпқали Дәулетияровқа қойдық.
— Кәсіпорын-мекемелердегі еңбекақыға бережақтың көлемі туралы ақпаратты негізінен статистика орындарынан аламыз. Сонымен қатар, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген, ақпарат құралдарында жарияланған материалдар негізінде еңбекақы дауына араласамыз. Өйткені, кәсіпорын-мекемелер бізге ешқандай мәлімет бермейді. Жұмысшы-қызметкеріне қанша бережақ екендігі туралы айта қоймайды. Олардың қызметіне себепсіз араласуға құқығымыз да жоқ. Соған қарамастан еңбекақының кешіктірілуіне байланысты мәселе – біздің басты назарымызда. Қазіргі күні 85 млн. теңге көлеміндегі жалақының өтелуіне ықпал еттік, — дейді басқарма басшысының орынбасары.
Ұжымына еңбекақыны уақытында төлемей отырған құрылымның бірі ретінде «Ақ нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аты аталды. Мұндағы жалақыға бережақ көлемі 1,7 млн. теңгеге жеткен. Еңбек инспекторлары осы мәселені шешумен айналысып жатқандарын айтты. Құзырлы орган өкілдерімен тілдесе отырып, еңбекақыға қатысты дау-дамайға тек тапсырыс берушілер емес, қосалқы мердігерлердің де кінәсі барын білдік. Олар көп жағдайда жасаған жұмыстарын құжат негізінде дәлелдей алмайды екен. Бұл өз кезегінде қаражаттың уақытында аударылуына кері әсер етеді.
Қорыта айтқанда, жалақы уақытылы берілуі тиіс. «Ол талап орындалмаған жағдайда кінәлілер әкімшіліктен өзге, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады» дейді прокурорлар.

Азамат БАЗАРБАЕВ.