Жарнама
Құқық

Тергеу актісі заңды

Қала тұрғыны компанияға көлік жуу операторы болып жұмысқа қабылданған. Бірақ, 3 айдан кейін қызмет орнында техникалық тұзды ұсақтау кезінде сол қолынан жарақат алады. Жазатайым оқиға бойынша облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тексеру комиссиясын тағайындайды. Тексеру нәтижесінде жазатайым оқиғаның өндірістік қызметпен байланысты екендігі анықталып, оның 30%-ы жұмыскердің кінәсінен және 70%-ы жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталған.

Алайда, мұндай қорытындымен келіспеген компания (ЖШС) сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне шағымданады. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты мен апелляция сатысы оқиғаға байланысты тергеп-тексеру актісінің заңды екенін негізге алып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

«Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Белгіленген мән-жайлардан және зерттелген іс материалдарынан жәбірленушінің әрекетінде өрескел абайсыздықтың субъективті белгілері бар екені анықталды. Сонымен қатар, сот келесі фактілерді сенімді түрде анықтады және іс материалдарымен жұмыс беруші тарапынан жоққа шығарылмады:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау болмаған; 2) ұсатқыш механизмінің қорғаныс қабығын орнату бойынша шаралар қабылданбаған; 3) жазатайым оқиға болған күні жұмысшылардың қажетті саны қамтамасыз етілмеген» делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button