Жарнама
Құқық

Терезеден қол шығарған жүргізушіге айыппұл салынады

Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, енді көлік қозғалысы кезінде терезелер мен люктерден дене мүшелерін шығаруға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар көлік жүріп келе жатқанда есікті ашуға да болмайды.

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, бұл талаптарды бұзған жағдайда жолаушылар емес, жүргізуші жауапкершілікке тартылады. Яғни, осындай әрекеттерге жол бергені үшін көлік жүргізушісіне 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданған.

Бек АЙДАРӘЛИ

Сурет: 7kun.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button