Жарнама
Құқық

Тегін құқықтық көмек көрсетті

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Оған келген халықтың қарасы көп болды, бірі несиесін төлей алмай көмек сұраса, енді бірі шатырын жөндеп беруге қолұшын созатын жан іздеп келген екен. Олардың өтінітерін тыңдаған кәсіби заңгер медиатор, адвокат, «Отбасы банк» өкілдері мен сот орындаушылар кеңес беріп, жол сілтеді. 

«AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі басшысының орынбасары Жұмабек Ермұханбет айтпы өткеніндей, аталған партиялық жобаның басты мақсаты — тегін құқықтық көмек көрсету. 

 — Акция арысында талдаулар жасап, халықты толғандыратын мәселелерді сарапқа салдық. Алдымен тұрғындарды мазалайтын сұрақ – әлеуметтік жағдай. Одан кейін тұрғын үй және еңбек қатынастарына қатысты сауалдары көп, — дейді ол. Айтуынша,  мұнайлы мекенге сапары барысында Индер ауанының Индербор кентімен Бөдене ауылының тұрғындарының тілек-уәжіне құлақ түріпті. Ол жердегі жұртшылықты жұмыссыздық, Атырау-Индер тас жолының жағдайы алаңдатады екен. Жұмабек Ермұханбет ауыл жастарының кәсіп ашу, мемлекеттен көрсетілетін қолдаулар мен көмектер сұрағанын,кейбір өтініштерді республикалық деңгейде көтеретінін де айтты. 

  Соңғы жылдары суйцид, лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті дертке айналып отыр. Алдағы уақытта «AMANAT» партиясы психологиялық тегін көмек көрсетуді де қолға алып жатыр. Бұл туралы да осы шара барысында білдік. «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі басшысының орынбасары Жұмабек Ермұханбет індеттердің  жойылуына көмегі тиетініне сенім білдірді.

  Бүгінгі қоғамдық қабылдауға келген «Алтын алқалы» ана, тыл ардагері Зайда Айсина 1983 жылы салынған үйінің шатыры сол уақыттан бері жөндеу көрмегенін айтып, баспанасының шатырын ауыстырып беруге көмек сұрай келіпті. 

– Шалым көзі тірісінде ПНРЭ-де геологоразведчик болып 40 жылдың үстінде еңбек етті. Ол кезде Чапаев селосынан келіпкетіп қатынап жүрді. Содан 1983 жылы жылы Геолог полескесінен үй беріп, сол жылы көшіп келдік. Содан бері жөндеу көрмеген үйідің шатырынан жаңбыр жауса, тамшы ағып әбігерге түсіреді, — дейді ақжаулықты ана. Құзырлы орган, «аманаттықтар» тыл ардагерінің тілегін аяқсыз қалдырмай, шешуге көмектесетіндерін жеткізді.  

 Осыған ұқсас оқиға тағы бір тұрғында да бар болып шықты. Екінші топ мүгедегі   Мекенбай Жонасов 2003 жылы үй салынған үйін жаңартып, жөндеу жұмыстарын жүргізгісі келеді. Дегенмен, қаражаты жетпегендіктен мемлекеттен көмек сұрауға мәжбүр болып отыр. Атырау қалалық мәслихатының депутаты Қаршыға Жауымбаев жолдарын қарастыратынын жеткізді. Десе де табан ауармастан еңбек еткен «Ембімұнайгаз» компаниясының кәсіподақ ұйымы көмек көрсетулері керек деген пікірде. 

 Шараға келгендердің арасында Грузия елінен алып келген көлігін тіркетудің жолдарын сұрағандар мен еңбекақысын ала алмай жүргендер, ДЦП дертімен ауыратын баласының еміне қолдау сұрағандар да болды. Жауапты мекеме қызметкерлері тұрғындар сауалдарына жауаптар беріп, жолдарын көрсетті.

   Жалпы, қоғамдық қабылдауға 30-ға жуық азаматқатысып, заңнамалық кеңес алды.

  Рита ӨТЕУҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button