Жарнама
Құқық

Тәртіп бұзсаңыз қанша айыппұл арқалайсыз?

Бүгіннен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болып бекітілді. Өткен жылы 3 692 теңге болған еді.

Kazinform.kz-тің хабарлауынша, қоғамдық орындарда тәртіп бұзған азаматтарға салынатын айыппұлдың мөлшері дәл осы АЕК-ке байланысты. Демек, тәртіп бұзып, айыппұл арқаласаңыз бұл отбасылық бюджетіңізге айтарлықтай салмақ салатыны сөзсіз. Сондықтан да тәртіп бұзып, айыппұл арқаламас үшін оқырман назарына қандай жағдайда қанша қаржыдан қағылатынын ұсынамыз:

— Рәміздерді қорлау — 11 796 000 теңге;

— подьезге кіреберісте не пәтердің есігінің алдына қоқыс салынған дорбаны қалдыру — 78 640 теңге;

— кешкі сағат 22-00-ден кейін шулап, елдің тыныштығын алу — 19 660 теңге;

— қоғамдық орында түкіру — 19 660 теңге;

— көлікте отырып телефон пайдалану не қауіпсіздік белбеуін тақпау — 19 660 теңге;

— құжатсыз көлік жүргізу — 78 640 теңге;

— автобуста жолақы төлемеу — 7 864 теңге;

— кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі 22-00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде жүруі — 11 796 теңге;

— жолды белгіленбеген жерден қиып өту — 7 864 теңге;

— көлік жылдамдығын асыру — 19 660 теңгеден 117 960 теңгеге дейін;

— қоғамдық орында балағат сөз айту — 78 640 теңге;

— мұғалімді не дәрігерді балағаттау — 39 320 теңге.

— қоғамдық орында ішімдік ішу не масаң күйде жүру — 19 660 теңге;

— кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату — 58 980 теңгеден 393 200 теңгеге дейін;

— Жала жабу — 629 120 теңге;

— Жеке деректерді заңсыз жинау және өңдеу — 39 320 теңгеден 275 240 теңге;

— Қасақана жалған жарнама жасау — 393 200 теңгеден 3 932 000 теңгеге дейін;

— блогерлікпен жалған ақпарат тарату — 117 960 теңгеден 393 200 теңгеге дейін;

— Төлқұжатты немесе жеке куәлікті кепілзат ретінде алу — 19 660 теңге;

— Қоғамдық орында жабысу (сауда жасау, қайыр тілеу, бал ашу, жезөкшелік) — 19 660 теңге.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button