Жарнама
Құқық

«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР»

 

Жедел шара бір аптаға созылды. Нәтижесінде, ішкі істер органдарына 400-ден астам кәмелетке толмағандар жеткізілді. Олардың үш жүзден астамы түнгі уақыттарда үйлерінен тыс жерлерде болғандар, үш жасөспірім — қылмыс жасағаны үшін тәртіп сақшыларының құрығына түскендер. Әкімшілік құқық бұзған 342 жасөспірімнің оны Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына тапсырылды. Осы шара барысында үш жүзден астам ересек те әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкі істер органдарына 21 жасөспірім есепке алынды, олардың үшеуі – бұдан бұрын да жауапкершілікке тартылған балалар. Рейдтік шара кезінде 14 «жайсыз отбасы» есепке алынды. Бұдан бұрын ішкі істер органдарында есепте тұрған «қолайсыз» шаңырақтарда тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру туралы тиісті органдарға жиырмаға жуық қолдау хаттар жолданды.

Аталған шара аяқталғанмен, полицейлер бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра береді.

 

Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button