
Сыйақы мен іссапар шығындарын негізсіз аударған
Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудандық мекемеге жүргізілген аудиорлық тексеріс барысында кемшіліктің бетін ашты. Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде жалпы сомасы 6 млн. 970,5 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды.
Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Зоя Сапарованың айтуынша, Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне жүргізілген аудиторлық іс- шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 6 млн. 970,5 мың мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталған. «Мекеме есепшісі 2024 жыл мен 2025 жылдың аралығында мекеменің қызметкерлеріне (бөлім басшысы, бас мамандар, есепшінің міндетін атқарушы) еңбекақы төлемдеріне, сыйақыға және іссапар шығындарына бюджет қаражатын негізсіз артық аударған. Департамент тарапынан қаржылық бақылаудың ден қою шаралары қабылданды»,-дейді Зоя Сапарова.
Өз тілшіміз