Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауы басталды
Биылғы 25 қыркүйектен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың республикалық байқауы басталды, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Байқаудың мақсаты – маңызды ғылыми, цифрлық және техникалық шешімдерді, инновациялық жобаларды жүзеге асыру мен анықтау мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.
Байқауға барлық ниет білдіруші тұлғалар (жеке және заңды тұлғалар), оның ішінде қоғам, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыса алады.
Байқау келесі басым бағыттар бойынша өтеді:
— Қоғамдық бақылау
— Сыбайласжемқорлыққақарсыбілім беру жәнезерттеу
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.
Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.
Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.
Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» тақырыбындағы байқаудың қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін қаржылау-техникалық қолдау көрсетіледі.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді жолдау 2023 жылдың 10 қарашасына (қоса алғанда) дейін электронды пошта арқылы жүзеге асырылады.
Байқауғы қатысу сұрақтары бойынша қосымша ақпаратты 8 (701) 1864300, 8 (702) 4122906 телефондары арқылы алуға болады.
Байқаудың өту талаптарымен танысу және өтінімдерді дайындау үшін қажетті құжаттардың шаблондарын төмендегі сілтеме арқылы алуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/documents/details/525318?lang=kk