Жарнама
Құқық

Еңбек қатынастары прокурор бақылауында

Прокуратураның үйлестіруі және алдын алу шараларының нәтижесінде ұрлық (15%- ға), есірткі (16%-ға), зорлау (23%-ға), денсаулыққа ауыр зиян келтіру (25%-ға) қылмыстары азайған. Бұл туралы Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов баспасөз мәслихатында айтты.

-Прокуратура қызметкерлері Мемлекет басшысының тапсырмасына орай азаматтардың құқығын қорғауды жалғастыра береді. Осы орайда прокурорлардың азаматтарды қабылдау тиімділігі артып отыр. Прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке 489 млн. теңге залал өтеліп, 6,1 млрд. теңгенің мүлкі қайтарылды. Прокуратура органдарының үйлестіруімен 180 жұмысшыға 32 млн. теңгенің жалақы берешегі өтелді, — деді облыс прокуроры.

Оның айтуынша, қадағалау органы қызметінің алдағы уақытта атқарар жұмысының басым бағыттары айқындалған. Оның ішінде азаматтардың, кәмелетке толмағандардың, әсіресе, ана мен баланың, кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарын, мемлекет мүддесін қорғау, заңсыз шығарылған активтерді қайтару секілді міндеттер бар. Сондай-ақ, атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске ерекше назар аударылады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button