Жарнама
Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасуда

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Қазір барлық дамыған елдер заманға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа әдістерініздеп тырысуда. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікті арттыратын қатаң заңдар қабылдауда.

Қазіргі танда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды факторларына нормативтік-құқықтық базаны әрі қарай жетілдіру, жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, халыққа қызмет көрсетуде тығырыққа тірейтін көптеген әкімшілік тосқауылдарды болдырмау және ең маңызды шара ретінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау тәрізді шаралар жатады. Осыған байланысты іске асыратын негізгі шараларға — мемлекеттік органдардың жұмыстарын ашық және анық қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты стандарттарын енгізу әрі шешімдерді қабылдаудағы тиімділікті арттыру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық біліктілігін арттыру жұмыстар жүргізілуде.

247460953 9749116799

Аталғандардың басты назары сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы кеңінен түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылетті нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау  курстарын өткізу болып отыр.

Осы бағытта, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы  филиалымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл компоненттерін енгізіп, қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарлары бағдарламасына аталған тақырып бойынша тұрақты түрде дәрістер ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда,  мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабілетті нығайту мақсатында жергілікті атқарушы органнан – 346, орталық мемлекеттік органның аумақтық департаменттерінен – 264 қызметші мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл компоненттерін енгізіп, қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларына қатысып, сертификаттары табысталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button