Жарнама
Құқық

Сот жүйесіндегі сәтті реформалар

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауында кадр іріктеудің жаңа жүйесі енгізіліп, сот үдерісі мен рәсімдерінің ашықтығы біртіндеп арта түскендігі айтылған еді. «Бұл ретте, Жоғарғы сот кеңесі маңызды роль атқарады. Осы құрылым Президенттің соттарды жасақтау жөніндегі конституциялық өкілеттігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, судьялардың тәуелсіздігіне және оларға ешкімнің қол сұқпауына кепілдік береді» деді Президент.

Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген тапсырмаларын орындауда  сот жүйесінде көптеген озық жобалар іске асырылып, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, судьяларға және судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар айтарлықтай күшейтілді. Судьялар қызметін мерзімді бағалау тетіктері енгізілді. Сот төрелігінің сапасы бойынша комиссия құрылды. Сот төрағасы, сот алқасы лауазымын екі реттен артық атқаруға тыйым салынды. Судьялардың тәуелсіздігі  мен оларға қолсұғылмаушылық жөніндегі кепілдікті қамтамасыз ету үшін құрылған дербес мекеме ретінде Жоғарғы Сот кеңесінің мәні мен мәртебесі күн санап артып келеді. Жоғарғы Сот кеңесіне  барлық деңгейдегі судьялардың кадр резерві бойынша функциялары берілді.

Бүгінде заманауи ақпараттық технологиялар сот жұмысына жүйелі түрде енгізілуде. Бұл ретте «Сот кабинеті» сервисі тараптарға кең ауқымды мүмкіндіктерді ұсынып отыр. Соның ішінде талап қою бойынша қозғалысты бақылау, өтінішті, құжаттарды беру және алу, тағы басқа істердің басым көпшілігі іс-қағаздарды қалыптастырусыз, электрондық форматта қаралады және  қашықтықтан өткізу форматында жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен судьялардың іс қараған кездегі тәуелсіздігін, сот билігінің беделін әрі қарай жоғарылату мақсатында Жоғарғы Сот жанындағы соттар әкімшілігі қайтадан реформаланып, соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін қайта құру арқылы Сот әкімшілігі құрылды. Енді Сот әкімшілігі – сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру үшін қажетті және жеткілікті жағдайлар жасап, соттардың жұмысын әрі қарай ұйымдастырып, материалдық-техникалық, басқа да қызметтерді қамтамасыз етеді.

Ал, судьялар өздерінің қызметінде тек сот төрелігін іске асырады, жұмыс барысында  тек Конституция мен заңға ғана бағынышты болады. Сондықтан судьялар тәуелсіздігі сотқа деген сенімнің алғышарты болып табылады. Мемлекет басшысының  Жолдауларында айтылған шаралардың барлығы өте маңызды. Сондықтан нақты бағытта алға қадам бассақ, көздеген мақсатымызға жететініміз сөзсіз.

Сот жүйесінің белгілеген тапсырмалары мен Жолдаудың басым бағыттарын іске асыру мақсатында Қызылқоға аудандық сотының ұжымы арасында да Мемлекет басшысының Жолдау талаптары қызу талқыланып, сот қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктелуде.

Еліміздің сот жүйесінде соңғы жылдары болып жатқан  сапалы өзгерістердің барлығы  соттардың беделін көтеруге, әділ соттылықты жүзеге асырудың сапасын  арттыруға және халықтың, азаматтардың  сотқа деген сенімін арттыруға бағытталып отыр.

Соттар қоғамда туындап жатқан қандай да болмасын дауларға төрелік жасаушы болғандықтан, біздер – әр адамның құқығын қорғайтын қайырымды, турашылдықтан таймайтын әділетті сот  болуға  халық алдында да, мемлекет алдында да жауаптымыз.

Сондықтан, Жолдау  жүктеген  міндеттерді іске асыруда барлық сала мамандарының, оның ішінде сот қызметкерлерінің үлесі зор болатынына сенімдіміз.

Айдын БАЙНАЗАРОВ,

Қызылқоға аудандық сотының төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button