Жарнама
Құқық

Сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру күшейтілді

Бұдан былай прокурорлар халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасайтын болды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейтті. Прокурорлар биыл халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады», — делінген хабарламада.

Бас прокуратура 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін жариялағанын жазған болатынбыз. 

Жыл басынан бері Бас прокурордың араласуымен 4 адам ақталды.

Прокурорлар соттағы сөзін дайындау үшін жа­­санды интеллект технологиясын қолданбақшы.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button