Сіз кімге сенесіз?

Сіз кімге сенесіз Құқық

«DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге жедел мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында кезекті сауалнама жүргізді. «Құқық қорғау органдарына деген сенім» тақырыбындағы сауалнамаға Астана, Алматы және 14 облыс орталығынан барлығы 1966 азамат қатысты.

Сіз кімге сенесізҚұқық қорғау органдарына жетпістен асқан азаматтардың 47,8 пайызға жуығы сенім білдіріп отыр. «Ақсақалдардың» сеніміне ие болғандар арасында Ішкі істер органдары (33 пайыз) мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті (31,8 пайыз) – алдыңғы орында.

Алдыңғы буын өкілдері учаскелік полицей жұмысына да риза (33,4%). Алайда, 50-59 жас аралығындағы қатысушылардың 38 пайызы және  60-69 жас аралығындағы қатысушылардың 36 пайызы учаскелік полицейді өзі жауап беретін аумақтан ешқашан кездестірмеген. Ал, басқа топтарға қарағанда 16-29 жастағы қатысушылардың көбі учаскелік полицеймен таныс. Сонымен қатар, 30-39 жас аралығындағы қатысушылардың 22,77 пайызы учаскелік полицейдің кім екенін біледі.

Құқық қорғау органдарына аса сене бермейтін азаматтар арасында 40-49 жас арасындағылар басым. Олардың 8,9 пайызы шен таққан азаматтарды «шектен тыс сыбайласқан және кәсіби деңгейі өте төмен» деп бағалайды екен.

А.БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз