Жарнама
Құқық

«Сергек» неге өшірілді?

Редакцияға хабарласқан оқырмандар Атырау қаласының мектептері тұсындағы көліктің жүру жылдамдығына қатысты сұрап жатыр. Мұнда 40 км/сағат жүру қажеттілігі туралы белгі орнатылғаны белгілі.  «Оқушылардың жазғы демалысына байланысты осы жылдамдық көрсеткіші өзгерді деп естідік. Енді жол бойында 60-пен жүрсем, маған айыппұл салынып жүрмей ме?» дейді қоңырау шалған көлік жүргізушісі.

Біз дереу облыстық полиция департаментімен байланысқанбыз. Құзырлы органдағылар осы тұстағы «Сергек» бейнекамераларының өшірілгенін растады.

– Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау қаласындағы білім беретін мекемелердің тұстарына «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені қондырылған. Ол жерде көліктерге «жүру жылдамдығы 40 км/сағат» деген шектеу бар. Жазғы демалыс уақытында «40 км/сағат»  режимі мен «Сергек» камералары 2 маусымнан бастап уақытша өшірілді, – деп жауап берді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Руслан Мажитов.

Мектеп тұсындағы жылдамдыққа уақытша өзгеріс енгізілсе де, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын мұқият сақтаңыз, жүргізуші!

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button