Жемқорлықты жою үшін мемлекеттік қызметкерлер түрменің тынысымен танысуда

dscn68781 Құқық

Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері түзету мекемелерімен танысты.

Көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көп таралған түрлері парақорлық және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану болып табылады.

Осыған орай, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Департамент ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде 30 ұсыныс енгізілді. Мемлекеттік органның қызметінде көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Осыған байланысты, парақорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметте мұндай көріністерге жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бас бостандығынан айыру орындарына экскурсия жүргізу тәжірибесін жаңартты. Бұл жолы көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері түзету мекемелерімен танысты. Мемлекеттік қызметшілерге тергеушілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған камералар, «карцерлер», сондай-ақ серуендеу ауласы көрсетілді. Барлық тұтқындар бірдей жағдайда ұсталады. Бұдан әрі, сот шешімі бойынша оларды тікелей жазасын өтеу орындарына жібереді».

Мұндай экскурсиялар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуда өте тиімді және жүйелі негізде жүргізілетін болады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз