СЕНГЕН «ҚОЙЫМ» СЕН БОЛСАҢ…

Қаржы полицейлері қылмыс жасаған құқық қорғау орындарының өкілдерін құрықтады.
Атырау облысы бойынша ЭСЖКД (қаржы полициясы) баспасөз хатшысы Алтынай МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, бүгінде Қандығаш бекетіндегі желілік полиция бөлімшесінің тергеу тобының тергеушісі Ш., криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Н. және Атырау бекеті желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары К.-ге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Қылмысқа қарсы күреседі, қаскөйлердің жолын кеседі деген бұл адамдар теріс жолға өздері түсіпті. Олар алдын ала сөз байласып, арам пиғылдарын жүзеге асырмаққа ұмтылады. Осы мақсатта, тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша «оң шешім қабылдаймыз» деп С. дегеннен 200 мың теңге пара алмақ болады. Дегенмен, кім маңдай терімен келген ақ адал ақшасын бере қойсын, нәтижесінде, көп қаржыдан дәметкендердің қолға түскен жайы бар. Қазіргі күні Н. мен К. сот шешімімен қамауға алынды.
– Қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайды, – дейді қаржы полициясының өкілі.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз