Жарнама
Құқық

Сапасыз жолда апатқа ұшыраған адам мемлекеттен ақша өндіре ала ма?

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев сапасыз жолдың кесірінен апатқа ұшыраған жүргізушілердің кейбірі мемлекеттен келген шығынды өндіріп алғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев сапасыз жолдың кесірінен апатқа ұшыраған жүргізушілердің кейбірі мемлекеттен келген шығынды өндіріп алғанын айтты.

«Көлік жүргізушісі жаман жолда апатқа түсіп, мәшинесі жарамсыз болып қалса, мемлекеттен сот арқылы ақша өндіре ала ма?», — деп сұрады журналист вице-министрден.

Марат Қожаевтың айтуынша, бұл мүмкін. Тек ол үшін апаттың нақты жол сапасыздығынан болғанын дәлелдеу керек.

«Әрине, жол-көлік оқиғасының себебі жолдың жағдайына қатысты екені дәлелденсе, соның кесірінен жүргізушіде апаттың алдын алуға мүмкіндік болмаса, сотқа азаматтық негізде шағым түсіре алады. Ондай фактілер болған және мүлкіне келген залалды өндіріп алғандар бар. Қазір олардың нақты санын айта алмаймын», — деді вице-министр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button