Құқық
Сағыз ауылындағы төбелес: Жарақат алған алты адамның біреуі ауруханада қайтыс болды
30 қазан күні сағат 19:30 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы тұсындағы Атырау-Ақтөбе тас жолының 331 шақырымында болған төбелеске қатысты тағы бір дерек белгілі болды.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, төбелес кезінде 5 адам атыс қаруынан, бір адам соққыдан дене жарақатын алған. Алған жарақат салдарынан 1985 ж.т., азамат Сағыз ауылының амбулаториялық ауруханасында қайтыс болды.
Қазіргі таңда, оқиға орнында Атырау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2 бөлігімен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Болжам бойынша оқиғаға ауыл тұрғындары арасындағы өзара келіспеушілік себеп болған.