Жарнама
Құқық

Робот-сот орындаушы іске қосылды

Саладағы жаңашылдық туралы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Асұлан Каримов брифинг барысында айтып берді.

–Өткен жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары халыққа қызмет көрсетті. Цифрландыру бағытындағы жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып табылады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот-сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі, — деді спикер.

Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд. теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Тұрғындардың пайдасына үнемделген сома 550 млн. теңгені құрады.

Майра ЕРҒАЛИ

Сурет: freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button