Бақытгүл Хаменованың соты қашан аяқталады?

3 1660290425 Құқық

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Б.Хаменоваға қатысты сот отырысы қыркүйек айында жалғасады, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бүгін, яғни, 12 тамыздағы сотта куәгерлер Атырау қалалық мәдениет және спорт бөлімінің есеп және есептеу бөлімінің меңгерушісі Лиза Укешова мен Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жексенбай Фазуловтың жауабы тыңдалды. Одан өзге үш куәгер белгісіз себептермен процеске келмеді. Соттың келесі отырысы қыркүйек айының 5-іне белгіленді және ол аптаның аяғына дейін ұласуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз