Қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануға болмайды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде: мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.
Әдеп кодексінде қамтылған талаптарды мемлекеттік қызметшілердің сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануы тиіс.
Қызметтік көлікті жеке мақсатта қолданған жауапты тұлғалар заңнамамен бекітілген тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Бұл ретте Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аталған ұстанымды қолдайды.
Оразғалиева Мейрамгүл Оразбайқызы,
Атырау облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы
Әдеп жөніндегі уәкіл