Қырағы дрон қауіпсіздікті бақылайды
Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысын қадағалау, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, ережелерді өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп, қауіпсіздік дрон арқылы бақылануда.
Тас жолдарда жол-көлік оқиғаларын алдын алу үшін патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргізушілермен күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тас жолдарда дрон әуе камерасын пайдалануда.
– Ақтөбе-Атырау тас жолының 536 шақырым тұсында дрон әуе камерасы арқылы маркасы Hyundai автокөлігі жолдың қарсы бөлігіне шығып, басып озғаны анықталды. Тексеру кезінде жүргізушінің соттың қаулысымен жүргізуші құжаты уақытша тоқтатылғаны белгілі болды. Көлік жүргізушісіне қатысты тиісті іс-құжаттар жинақталып, автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды, — дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердәулет.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ