Қылмыстық процестер цифрландырылуда
Еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында қылмыстық істерді электронды форматқа көшіру көзделген. Тиісті заңдылықтардың талаптарына сәйкес, электронды форматта тіркелген қылмыстық істердің үлесі 2023 жылы – 70%, 2024 жылы – 75%, 2025 жылы 80% деп белгіленген. Бұл бағытта ҚР Бас Прокурорының 03.01.2018 жылғы №2 бұйрығымен «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі» нұсқаулық қылмыстық процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес бекітіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргiзу тәртібін айқындайды.
Осылайша биыл 7 айда Атырау гарнизонында барлық қылмыстық құдалау органдары 100% толығымен қылмыстық істерді электронды форматта тергеп-тексеру жүргізуде.
Цифрландыру іс жүргізу шаблондарын электронды форматта толтыру және оны СДТБТ жүйесіне сақтау арқылы қол жеткізілетін құжаттарды бұрмалау фактілерін болдырмау мақсатын көздейтінін атап өткен маңызды. Бұл жүйеде жасалған құжаттар электронды деп саналуы керек.
Сонымен қатар, соңғы жылдары тергеу процесін жеңілдету үшін қылмыстық қудалау органдарының жұмысына инновациялық технологиялар белсенді түрде енгізілуде.
Соның бірі – тергеу органдарына сараптамаларды тағайындау және оның нәтижелерін СДТБТ электронды түрде қабылдауға мүмкіндік беретін «Е-сараптама» модулі пайдалануда.
Сондай-ақ, тергеп тексеру кезінде қорғаушы тағайындау үшін «Е-заң көмегі» және тергеу әрекетін жұмыс орнына тыс жерде жүргізу мүмкіндік беретін «Offline СДТБТ» модульдері іске асырылған.
Соңғылардың бірі, қылмыстық процестегі қатысушыларға қылмыстық-процестік заңнаманың талаптарын сақтай отырып, процестік мәртебеге ие болған кезден бастап «Жария сектор» функционалы енгізілген.
Яғни қабылданған процестік шешімдер мен қылмыстық іс материалдары туралы мәліметтерге қол жеткізу, сондай-ақ электронды форматта өтінішхат беруге және оған жауап алуға мүмкіндік береді.
Аталған функицоналды қолдану үшін «Жария сектор» порталына (https://erdr-public.kgp.kz/) сілтемесі бойынша өту қажет.
Аталмыш жүйенің арқасында азаматтардан келіп түсетін арыз-шағымдарды тез тіркеу, тергеу, қылмыстық іс туралы жан-жақты ақпараттар ала отырып, процесті жеделдетуге мүмкіндіктер ашылды.
Бұл функция қылмыстық процеске қатысушыға ақпараттық қауіпсіздік пен құпиялылық талаптарын сақтай отырып, қабылданған шешімдерді және электрондық қылмыстық іс материалдарына қашықтан қол жеткізуге, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында өтінішхат мәлімдеуге мүмкіндік береді.
Қылмыстық процесті цифрландыру тергеу әрекеттерінің және олардың заңдылығына қадағалау сапасын арттырып, іс материалдарын бұрмалау фактілерін болдырмау және тергеу сатыларының ашықтығына, тазалығына көз жеткіздік.
К.РАХМАТУЛИН,
Батыс аймағының әскери прокурор әділет полковнигі