Жарнама
Құқық

Құмар ойын құрдымға кетіреді

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Ерлан Какиевтің айтуынша, жыл басынан бері 45 борышкерге құмар ойын сайттарына кіруге шектеу қойылды.

–Талдау барысында алимент берешегі бар 326 борышкердің соңғы төрт жылда құмар ойындарға 800 млн. теңгеден астам ақша аударғаны анықталды. Сондай-ақ 11 қаскөй борышкердің үстінен алимент төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 3 борышкерге қатысты 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды және 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Әрекетсіздік танытқаны үшін 69 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды және 2 жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды, — деген прокурор деректерді келтірді.

Сондай-ақ борышкерлерге алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button