АТЫРАУЛЫҚТАРДЫҢ КӨЛІГІНЕН ТАПАНША, ПЫШАҚ ЖӘНЕ ҚАУІПТІ ДӘРІЛЕР АНЫҚТАЛУДА…

1575000511508 Жаңалықтар

Атырауда ұсталғандардан 10-ға жуық аңшы пышағы, 2 тапанша және психотропты дәрі-дәрмектер алынды.

«Төтенше жағдай талабына сәйкес блокбекеттен өтетін көліктер, жүргізушілер мен жолаушылар мұқият тексеріледі. Полиция қызметкерлері блокбекеттен өтпек болған көлікті тексеру кезінде 10-ға жуық аңшы пышағын, әсері жоғары психотропты дәрілерді тапты. Ал Атырау қаласының аумағында психотропты дәрі-дәрмектерді сатпақ болғандар ұсталды. Олардан 2 тапанша, 736 таблетка, 236 ампула түріндегі психотропты дәрі-дәрмектер тәркіленді», – деді Атырау облысының коменданты – облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз