Жарнама
Құқық

Құлсарыда сұмдық жағдай: 8 жасар қыз бала қаза болды

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында қайғылы оқиға болды. Сегіз жастағы қыз бала қаза болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев ресми мәлімдеме жасады.

«Баланың жоғалғаны туралы хабар түскен сәттен бастап барлық жедел күш жұмылдырылды. Өкінішке қарай, көп ұзамай жасөспірімнің мәйіті табылды. Күдікті дереу анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ол сот санкциясымен қамауға алынды. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Мұндай қылмыстарға еш ақтау жоқ. Кінәлі ең қатаң жазасын алады. Тергеу барысын жеке бақылауыма алдым», – деді Нұрхат Оразбаев.

Қайғылы жағдай жұртшылықтың жанын түршіктіріп, әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button