
Қорғаныс министрлігі: әскерге күштеп әкету әрекеті болса, сотқа жүгіну мүмкіндігі бар
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов жастарды әскерге күштеп әкету іс-қимылдарына пікір айтты, — деп хабарлайды kaz.inform.kz.
– Өкінішке қарай, мұндай фактілер болды. Бұған жол беруге болмайды. Сонымен бірге, біздің елде Президент «заң пен тәртіп» түсінігін айқындады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында «ерікті түрде» деген ұғым жоқ, онда мемлекетті қорғау — әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті деген нақты жазылған. Осы орайда әскерге шақырылғандар осыны орындауға міндетті. Ал егер орындамаса, заң нормалары бұл азаматқа қатысты болуы керек, — деді Сұлтан Қамалетдинов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сондай-ақ министрдің орынбасарынан әскерге күштеп алып кететіндерге қатысты қолданылып жатқан шаралар туралы сұралды.
– Барлық жүргізілген тексерулер бойынша, егер азамат өз құқығы бұзылды деп есептесе, бізде құқықтық мемлекет – оның сотқа жүгінуге құқығы бар. Мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ретінде өз өкілеттігімді жүзеге асырған кезеңде, мұндай жағдайлар болған жоқ, – деді ол.
Бұған дейін хабарланғандай, Сұлтан Қамалетдинов кейбір жастар не себепті әскерге барғысы келмейтіні туралы сұраққа жауап берді.
Сурет: Ашық дереккөз