Жарнама
Құқық

Қоғамдық ұйымдарға қатысты жаңа заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте Қазақстан заңдарына қоғамдық бірлестіктер бағытында өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы таныстырылды. Құжат елімізде қоғамдық бірлестік құруға қажетті бастамашыл азаматтардың санын үш есе қысқартуды көздейді.

Бұл туралы заң жобасын таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министр қоғамдық бірлестіктердің жұмысын реттейтін заң 27 жыл бұрын қабылданғанын, оны заман талабына сай жетілдіру қажеттігі туғанын атап өтті.

«Ең басты өзгеріс – ендігі жерде қоғамдық ұйымды тіркеу үшін бастамашыл азаматтардың санын 3 есе, яғни 10 адамнан 3 адамға дейін қысқарту болмақ. Дегенмен , қоғамдық ұйымдарға қатысты мұндай еркіндік әлемнің озық тәжірибесіне сүйеніп жасалғанын ерекше атап өту керек. Біз өз кезегінде Бельгия, Чехия, Литва елдерінде бар жүйеге жүгініп, бастамашыл 3 адамдық принципті қабылдап отырмыз», — деді Балаева.

Мәдениет министрлігі ұсынған бұл өзгеріс депутаттардың көкейінде күмәнді сұрақтар туғызбай қоймады. Ермұрат Бапи қоғамдық бірлестік құру үшін 3 адамның бастамасы жеткілікті болатын болса, діни радикалды топтар өздерінің қоғамдық бірлестіктерін құруға кіріседі деген алаңдаушылығын білдірді.

Алайда Балаева мұндай алаңдаушылыққа негіз жоғын айтты.

«Діни бірлестіктерді құру, тіркеу бұл заң жобасының тетігіне кірмейді. Олардың арнайы заңдары бар – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң. Осы заңда діни бірлестіктерді құру үшін жергілікті орында 50 адам, республика деңгейінде 5 мың адам ниет еткенде ғана тіркеледі. Ал осы заң жобасына бұл тетіктер кірмейді. Сондықтан ондай қауіп-қатер жоқ. Уайымдамауға болады», — деді министр.

Ulysmedia.kz.

Фото ашық дереккөзден

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button