Жарнама
Құқық

Жол қозғалысы ережесін бұзушыларға жаза күшейтіледі

Қазақстанда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, көлік басқарған азаматтарға қатысты жаза қатаңдатылады. Құзырлы органдардың мәліметінше, енді мұндай құқықбұзушылық жасаған адамдар жеті жыл бойы жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру құқығынан айрылады.

Сонымен қатар, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырған жүргізушілерге 147 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Егер жүргізуші бір жылдың ішінде бұл ережені тағы да бұзса, айыппұл мөлшері 221 мың теңгеге дейін көбейеді.

Күндіз көліктің жарығын қоспай жүрген азаматтарға алдымен ескерту беріледі. Егер бұл талап ескерілмесе, тиісті айыппұл тағайындалады.

Бұл өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол апаттарын азайту үшін осындай қатаң шаралар қолға алынған.

Бек АЙДАРӘЛИ

Сурет: Атырау облыстық полиция департаментінен

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button