Жарнама
Құқық

Қазақстанда автокөліктер үшін “орташа жылдамдық” ұғымы енгізілді

Оны есептеу үшін көліктің жүріп өткен қашықтығын жүріп өткен уақытқа бөлу қажет.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оны есептеу үшін көліктің жүріп өткен қашықтығын жүріп өткен уақытқа бөлу қажет.

«Орташа жылдамдық» айналма жолдары жоқ, қала сыртындағы және түзу сызықты жол учаскелерінде автоматты құрылғылармен есептелетін болады.

Бүгінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жүргізушілер тіркеу камераларымен анықталып, жауапкершілікке тартылып жатыр.

«Орташа жылдамдықты» бұзудың уақыты мен орнын камералар әр автокөлік үшін жеке анықтайды.

Қала сыртындағы трассаларда жол апаттары көп жағдайда жылдамдық режимін асыру салдарынан болады. Бұл өзгеріс осы талдауды ескере отырып енгізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button