Жарнама
Құқық

«Қауіпсіз жол» шарасы басталды

Атырау қаласында бүгіннен бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

abd0dcdd 5c24 4747 8d9a c8cd2e84c30e 1

Бұл уақыт аралығында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қадағалап, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарға ерекше назар аударады. Әсіресе көлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпті маневр жасау, сондай-ақ жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдау тәртібін бұзу секілді заңға қайшы әрекеттердің жолы кесіледі.
Атырау қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальоны командирінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Өсер Жәңгірхан бұл шараның басты мақсатын түсіндірді.

3176c7aa 2d6d 4a9e a24e 4f0dc11bfab1

— Біздің негізгі міндетіміз – апаттың алдын алу. Жол ережесін өрескел бұзған әрбір әрекет адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан жүргізушілерге айтарым: қарапайым тәртіпті сақтап, жауапкершілік танытыңыздар. Бұл тек өзіңіздің ғана емес, өзгелердің де қауіпсіздігі, — деді тәртіп сақшысы.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға жолдағы сақтықтың маңызы зор екенін ескертіп, әр жүргізушіні заң талаптарын қатаң ұстануға шақырады.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button