Мектепті жөндейміз деп ақша жымқырған

12492858 Жаңалықтар

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл.Атыраудағы №5 мектепті жөндеу барысынд 25 миллион теңге қолды болған.

Қадағалау органының мәліметінше, 2017 жылы мектеп күрделі жөндеуден өткен. Оған 279 миллион теңге бөлінген. Биыл наурызда ғимарат қаптамасы құлағаны белгілі болды. Сондай-ақ, ол күні желдің күшті болмағаны айтылды.

– Тәуелсіз сарапшының қорытындысына сәйкес, сәулет-құрылыс нормаларын сақтамау, сондай-ақ, жұмыстардың орындалмауы салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 25 миллион теңге залал келді, – делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Қалалық прокуратура материалдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберіп, ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз