Жарнама
Құқық

«Қауіпсіз жол»: Облыста 10 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды

Атырау облысында 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Айбек Алимов баспасөз брифингінде мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Акция аясында патрульдік полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәулік бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Рейдтік шаралар барысында жол қозғалысы ережесінің бұзылуына байланысты 10 мыңға жуық жағдай анықталды. Соның ішінде мас күйінде көлік жүргізген – 98, қарсы бағытқа шыққан – 99, апаттық жағдай туғызған 63 адамның дерегі тіркелді. Одан бөлек 400-ден астам жүргізуші көлік басқару кезінде ұялы телефон қолданса, 2400-ге жуық азамат қауіпсіздік белдігін тақпаған, — деді А.Алимов.

Жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген 293 адам анықталса, 502 автокөлік айып тұрағына қойылып, 255 көліктің мемлекеттік нөмірі шешілді. Қоғамдық тәртіп пен жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала ішіндегі және сыртындағы тас жолдарда да бақылау күшейтілген.

Сондай-ақ жол апаттарының салдарын түсіндіру мақсатында әлеуметтік желілер арқылы фото және бейнематериалдар жарияланып, жол жүру тәртібін сақтау қажеттілігі туралы ескерту жұмыстары жүргізілуде.

Брифинг соңында спикер барлық жүргізушіні жол ережелерін қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button