Жарнама
Құқық

Полицейлер Құлсары қаласында шұғыл әрекет етуде

Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Көшқалиев басшылығымен департаменттің 50 қызметкері және Жылыой аудандық ІІБ-нің жеке құрамы Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккендерді эвакуациялау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына кірісті. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.

Сонымен қатар, Ұлттық ұланның 75 қызметкері Құлсары қаласындағы тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына көмектесуде.
Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 6 сәуір күні департаменттің тағы 30 қызметкері мен Ұлттық ұланның 80 сарбазы жөнелтіледі деп жоспарлануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button