Жарнама
Құқық

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН ҚАСҚЫРЛАР

Құлсары қаласында уақытша тұрып жатқан 1979 жылғы Тараз қаласының тұрғыны танымайтын біреулердің өзіне күш қолданып, зорлағаны жөнінде арызданды.
Көп ұзамай Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қылмысқа күдікті үшеуді анықтап, құрықтап үлгерді. Олардың екеуі, орда бұзар отыз жастағы учаскелік полиция инспекторларының көмекшілері екен. Тәртіп сақшыларынан зорлық көрген әйел оларды жазбай таныпты.
ОІІД баспасөз қызметінен Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, қазіргі таңда ұсталғандар уақытша оқшаулау орнында қамауда. Сараптама тағайындалып, тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button