Жарнама
Құқық

Өңірде үш күн ішінде түнгі уақытта қараусыз жүрген 376 жасөспірім анықталды

Атырау облысында 27-29 шілде аралығында Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде 376 жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті басқармасы бастығының м.а. Абзал Әліпқалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Негізгі мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне тосқауыл қою.

Үш күндік рейд барысында ішкі істер саласының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кешкі және түнгі уақытта жастар жиі жиналатын орындарды тексерді.

Осыған байланысты ата-аналық міндетін орындамағаны үшін 21 адам, ал түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды ойын-сауық орындарына кіргізгені үшін 7 кәсіпкер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Көшеде заңды өкілінсіз жүрген 350 жасөспірімнің ата-анасына да қатысты әкімшілік шара қолданылды.

– Іс-шара барысында Атырау облысында жасөспірімдер жасаған қылмыстар тіркелген жоқ. Бұл – алдын алу шараларының оң нәтижесі. Ата-аналарға балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда жалғыз жүруіне жол бермеу қажет екенін ескертеміз, – деді А.Әліпқалиев.

Тәртіп сақшылары қадағалауды қажет ететін отбасылармен алдын алу жұмыстарын өткізіп, заңды өкілдермен құқықтық сипаттағы әңгімелесулер жүргізді.

Брифинг соңында спикер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырды. Атап айтқанда, суға түсу ережелерін сақтау, түнгі уақытта қоғамдық орындарда жалғыз жүруге жол бермеу, сондай-ақ көпқабатты үйлердің терезелеріне қауіпсіздік құралдарын орнату қажеттігі ескертілді.

Тәртіп сақшылары қадағалауды қажет ететін отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, балалардың заңды өкілдерімен тілдесті.

Спикер брифинг соңында ата-аналарды перзенттерінің қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды. Атап айтқанда, суға түсу ережелерін сақтау, түнгі уақытта ойын-сауық орындары мен қоғамдық жерлерде жалғыз жүруге жол бермеу, көпқабатты үйлердің терезесіне қауіпсіздік құралдарын орнату секілді шараларды қатаң ұстану ұсынылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button