Жарнама
Құқық

Облыста жасөспірімдердің қатысуымен 102 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Жаңа оқу жылы басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында 26 тамыз — 6 қыркүйек аралығында республикалық «Абайлаңыз — балалар!» акциясы өткізілуде. Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол қауіпсіздігін қадағалауды ұйымдастыру тобының инспекторы полиция капитаны Айбек Алимов баяндамаларын мәлімдеді.

–Жыл басынан бері Атырау облысы көлемінде жасөспірімдердің қатысуымен 102 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 жасөспірім қаза тауып, 124 жасөспірім әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оның ішінде жасөспірімдердің кінәсінен 17 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 жасөспірім қаза тауып, 19 жасөспірім дене жарақат алған. Мәселен, 27 шілде сағат 21:00 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 2010 жылы туған жасөспірім мотокөлік басқарып, түйе малына соқтығысқан. Салдарынан жеткіншек оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, 22 тамыз күні «Көктем» шағынауданы тұсында 2008 ж.т жасөспірімнің басқаруындағы Hyundai автокөлігі жолдан өтіп келе жатқан 2016 ж.т велосипедшіні қағып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Ол ауруханаға жеткізілді.
Осы тұста, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысуға, жаяу жүргіншілерді жолдан өту ережесін бұзбауға шақырамыз,-дейді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button